Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абаев Қазақстан туының гей-шерулерде көрінуіне қатысты пікір білдірді

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан туының шетелдердегі гей-шерулерде көрінуіне қатысты пікір білдіргені туралы айтты.

1887115

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Бұдан бұрын қазақстандық БАҚ, Нью-Йорктегі сексуалдық азшылық шеруіне қатысушылардың бірі іс-шараға Қазақстан туымен шыққанын хабарлаған болатын. Парламентте ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі түзету жобаларын талқылау барысында мәжіліс депутаты Тұрғын Сыздықов, шет елдерде “түбірінен ұлттық санаға қайшы келетін” гей-шеруінің қатысушылары Қазақстан туларын желбіретіп жүретінін айтты. Осыған орай Сыздықов Абаевтан мемлекеттік құрылымдардың реакциясы туралы сұрады.

“Меніңше, жалпы тәжірибе келесідей, егер ол шектен шыққандық болса, сол елдегі жергілікті органдар, оның ішінде құқықтық тәртіп органдары тиісті шаралар қолдануы үшін наразылықтарын білдіре алатын біздің елшіліктер, дипломатиялық өкілдіктер бар”, — деп жауап берді Абаев.

“Бұл жерде біз мемлекеттік орган ретінде қалай әрекет етуге тиіспіз? Қазіргі таңда бұл жерде мен ішкі наразылық білдіруден басқа құқықты өрісте ештеңе көріп отырған жоқпын. Қоғамның да осы мәселеге қатысты наразылық білдіру тиістігі — ол басқа мәселе”, — деп қосты министр.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде полицейлер көшедегі қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамды босата салды

Шымкенттік әйел өзін дуалап, күйеуімен ажырастырған құрбысы туралы айтты

Шымкенттік келіншек дуаның әсерінен өзін аямай соққыға жыққан күйеуі туралы айтты

Келіншек өзін жабылып ұратын қайын жұрты туралы айтып жылады

Талқылау