Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әуежайда төленген айыппұл адам өмірін құтқарды

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев цифрландырудың пайдасын қарапайым мысалмен түсіндіріп берді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

«Адам медициналық операцияға асығып тұрғанымен, болмашы айыппұлға бола ұша алмай қалды. Ол адамға әр сағаттың құны қымбат. Операция жедел жасалуы керек. Яғни, адам әуежай ішінде айыппұлын төлеп, операциясына баруға мүмкіндік алды. Ота денсаулық сақтау квотасы бойынша жасалды. Бұл цифрландырудың артықшылыққа ие үлгілерінің бірі», – деді Абаев үкімет отырысында.

Айта кетейік, Қазақстан әуежайларында айыппұл төлеуге арналған Қазпоштаның терминалдары іске қосылған еді.

Тағы оқыңыз:

Бұрынғы әріптестері жаңа министр Мәдина Әбілқасымованың қандай екенін айтып берді 

Мәдениет министрлігі Алматыдағы Әуезов театрына жаңа басшы тағайындады 

Сыртық істер министрлігі Мәскеу түбінде апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда 

Премьер-министр Елбасының сынынан кейін үкіметтің сенбілік отырысын өткізді 

Талқылау