Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ақауы бар көліктің даусын ел оқтың дыбысы екен деп қалған

Ақауы бар көліктің дыбысын жұрт атылған оқпен шатастырған. ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Ақтөбедегі жаздық лагерде болды делінген оқиғаға байланысты мәлімдеді.

318

Сурет: www.tvc.ru 

«БАҚ-та Ақтөбедегі жаздық лагерлердің біріне атыс болды делінген оқиғаға қатысты жағдайды баяндап берейін. Таңертен қала тұрғыны полицияға оқ атылғаны жайлы хабарлаған. Қазір тұрғындардың барлығы қырағылық танытып, күштік құрылымдарға ат салысып жатыр», – деп жазады Абаев Facebook желісіндегі парақшасында.

Министр тұрғындардың кез келген хабарламасына байланысты тексеру жүргізуге құқық қорғау органдарының дайын отырғанын айтып өтті.

«Оның үстіне әрбір ақпарат жайында ел басшылығына есеп беріледі. Сондықтан дәл сол сәт камераға жазылып, Мемлекет басшысы мен ҰҚК өкілдерінің қатысуымен сюжетке енген», – дейді министр.

Министрдің айтуынша, полицейлер аталған орыннан оқ ату фактілерін таппаған. Ол тек ақауы бар көліктің дауысы болған.

Сондай-ақ, министр журналист әріптестеріне келтірілген фактілерге мұқияттылық танынып, ұқыпты болуға шақырды. Сол ретте құқық қорғау органдарының қызметіне ат салысып, қырағылық танытқан ел азаматтарына алғыс айтты.

Бұған дейін ІІМ Ақтөбеде балалар мекемелеріне шабуыл жасалғаны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеген.

Талқылау