Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

А320 ұшағының әуесерігі батып бара жатқан ұшақтың қасында суретке “түскен”

Egyptair авиакомпаниясының әуесеріктерінің бірі - Самар Эзеддин апаттан бірнеше ай бұрын батып бара жатқан ұшақтың қасында түскен суретін Facebook-те жариялаған.

серікк Бұл туралы Қазақпарат жазды. Al-Masry Al-Youm ақпараттық порталының жариялауынша, суретте бойжеткен үсті су-су болып, мұхиттан құрлыққа аяқ басып тұрған сәті түсірілген. Ал артқы жағында ұшақ батып бара жатқан сәт бейнеленген. Бұл, әрине, монтаждалып, құрастырылған сурет еді. Таныстары бұл фотомонтаж ырымға жаман екенін, солайша ол өзінің және борттастарының басына қатер үйіргенін айтады. Еске сала кетейік, бұл осындай бірінші мистикалық кездейсоқтық емес. Бұған дейін әлеуметтік желі пайдаланушылары MS804 рейсінің апатқа ұшырауы малайзиялық боингтің құлауынан 804 күн өткеннен кейін болғанын есептеп шыққан.
Талқылау