Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

99 жастағы жамбылдық ақсақал елді бейбітшілікке шақырды (видео)

Кеңестік-финдік және Ұлы Отан соғысының ардагері, Жамбыл облысының тумасы Несіпбек Таңатаров елі үшін соғысып, жер бетінде бейбітшілік үшін күрескен жан.

Безымянный

Ақсақал 1916 жылдың 20 ақпанында Талас ауданының Үшарал ауылында өмірге келген. Сол ауылдан Кеңес Әскері қатарына шақыртылып, кеңестік-финдік шекараға жіберілген.

Соғыстан кейін Приморье, Владивосток қалаларында болып, Германия мен Кеңес Одағы арасында соғыс бастлағанда фронтқа кетіп, өзінің табандылығын көрсете білді.

Соғыс кезінде жараланып аууханаға жеткізілген. Алайда, ауруханада жатқандардың барлығын немістер тұтқындаған. Несіпбек ата тек 1947 жылы екінші топтағы мүгедек есебінде Несіпбек Таңатаров туған өлкесіне оралған.

Осындай сұм соғысты, қантөгісті көген қария бүгінгідей бейбітшілік заманның маңызды екенін айтады. Сондықтан ең алдымен жер бетіндегі тыныштықты қашырмау керектігін сөз етті.

«Барлығын жойып жіберу оп-оңай. Оған асқан данышпандықтың да керегі жоқ. Ал, адамның үй салып, бала тәрбиелеп, бау-бақша егуіне қол мен ақылы, бейбіт заманы керек», – дейді қария.

Жіберіп алмаңыз:

Заңсыз митинг ұйымдастыруға талпынған 40-қа жуық адам жауапкершілікке тартылды

Қазақстан полициясы митингке шықпақшы болғандардың жолын кесті

БҚО-да митингке қатысушылар алкоголь таратып төбелес ұйымдастырмақшы болған

Талқылау