Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

94 жастағы соғыс ардагері ширақ болудың құпиясымен бөлісті (фото, видео)

Еліміз бойынша жүзуден алдына жан салмайтын соғыс ардагері Қарағандыда тұрады. 94-жастағы Бүркіт Есжанов демін еш баспастан 600 метрге дейін үздіксіз малти алады. Ұзақ қашықтыққа талмай жүзетін жалғыз қарияның салауатты өмір салтын ұстанғанына тура он жыл болыпты. Оның бүгінгі жетістіктеріне жаттықтырушылары да дән риза,-деп жазады STAN.KZ сайтының өңірдегі тілшісі.

жүзгіш

«Он жыл бұрын Бүркіт Есжанов өте әлсіз еді. Мінезінің қайсарлығының арқасында жүзумен айналысуға бел буды. Нәтижесі жаман емес, денсаулығы түзеліп, керісінше, шапшаңдық пайда болды»,- дейді жаттықтырушысы Сергей Кокарев.

Аптасына екі рет жүзу орталықтарына баруды әдетке айналдырған ақсақал ешқашан шаршауды білмейді. Өйткені, қанды майданнан бейбіт аспанда спортпен айналысқаннан басқа не істейсің дейді. Спорттың арқасында денсаулығы тың, қимылы шапшаң. Бүркіт ақсақал 19-жасында Мәскеудегі 5-ші атқыштар дивизия құрамында болған. Ал, 1943 жылы Курск шайқасына қатысыпты.

Дәл осы шайқаста, ауыр жараланып, госпитальға түседі. Бірақ, жеңіс күнінен соң да жауынгер Шығыс Қытайды және Монғолияны Жапон әскерінен азат етуге аттанып, 1948 жылы елге аман оралады. Қазір сегіз баласымен Қарағандықаласында тұрады. Оның майдандағы ерлігінен бөлек, салауатты өмір салтын ұстанғанының өзі келер ұрпаққа бір өнеге дейді көпшілік.

Талқылау