Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

91 жастағы қария әйелін сүймек болғаны үшін тұтқындалды

АҚШ-тың  Коннектикут штатында тұратын 91 жастағы Хайнц Фонкузи әйелін көруі үшін қарттар үйіне келген. Алайда полицейлер оны ұстап әкетті.

91 жастағы қария әйелін сүймек болғаны үшін тұтқындалды

Бұл туралы WTNH порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оқиға 13 қарашада қарттар үйінде орын алған. Полицейлер оқиға орнына келген кезде 91 жастағы қария әйелінің бөлмесінің жанында тұрған. Ал мекеме қызметкері Фонкузиге әйелін сүюге болмайтыны туралы айтты. Себебі қария «аузы арқылы әйеліне қандай да бір заттарды беруі мүмкін» екен.

Полициядағылардың сөзінше, бұл жағдайға таңданбайтынын айтты. Себебі Фонкузи осымен 26-ншы рет тұтқындалып отыр.

Қария полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Артынша ол үйіне жіберілді. Ендігі қария алдағы уақытта өтетін сотқа келуі тиіс.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау