Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

91 тобындағы Alem-нің бұрынғы ғашығы баянсыз махаббаты жайлы айтты

Ninety one тобының солисі Alem-нің бұрынғы ғашығы жақында отандық музыкалық жобаға қатысқан еді. Айдана Риза алдағы уақытта экс-ғашығына бақталас болып, q-pop бағытында ән шырқамақ. Бойжеткен 91 солисіне деген махаббаты туралы алғаш рет ашық айтып берді.

91 тобындағы Alem-нің бұрынғы ғашығы баянсыз махаббаты жайлы айтты

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Менің ойымша, әлі талай уақыт мені барлығы «ALEM-мен» бірге байланыстырады. Өйткені, болғаны болды, ол рас. Мен оны өшіре алмаймын өзімнің өмірімнен. Біз бала кезден бір қаладанбыз, біріншіден. Содан кейін бірге оқуға түстік Ресейге. Сол. Бірге Алматыға келдік”, – дейді Айдана Риза.

Бойжеткен 91-дің әйгілі солисімен бақытты жұп болғанын айтады. Алайда өнер әлеміне қадам басқан Батырхан Мәліков (Әлем) Айдана Ризаны бір орында тұрақтап қалғаны үшін тастап кеткен. Ал өзін қолға алған Айдана енді өнер әлемін бағындыруға ниеттеніп отыр. Бірер күн бұрын Айдана алғаш рет Q-fest фестивалінде өнер көрсетіп, бұрынғы ғашығына арнап «Әлемім емес» атты әнін шырқады.

“Енді менің шыққан әнім, қалай айтсам болады, әннің ішінде мынандай сөздер бар. «Қажеті жоқ тыныштықтың, тыныштықтан тұншықтым шын» Шынымды айтсам, мен көп дайындалдым дебютыма. Ол ән менің жан айқайым”, – дейді Айдана.

Арада болған махаббат Ризаның жүрегіне жара салғанымен, бойжеткен бұрынғы сүйіктісін көргенде баз бұрынғыша сәлемдеседі.

“Біз жақсы араласамыз. Сәлеміміз түзу деп айтадығой иә. Бәрі жақсы біздің арамызда. Жек көрініш, жаман қарау деген жоқ”, – дейді ару.

Бұдан былай Айдана жеке өмірін шетке ысырып, тек қана шығармашылықпен айналыспақ. Бойжеткен тағы бір q-pop орындаушысымен дуэт жаздыратынын айтып қалды. Алайда сахнадағы серіктесі Әлем бе, әлде басқа ма, әзірге құпияда қалдырды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау