Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

91 тобынан кеткен AZ алғашқы синглын ұсынды (видео)

Ninety one тобынан бөлініп кеткен рэпер AZ алғашқы синглын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Фанаттар көптен күткен туынды KELED QAITAD деп аталады. AZ алғашқы туындысын аудио-вижуал форматта ұсынуды жөн көрген. 

Сүйіктісінің алғашқы жұмысын алғаш болып Ерке Есмахан қолдады. Ол Instagram-дағы парақшасында оқырмандарынан рэперді қолдауды өтінді.

Ал фанаттар AZ-дің ән әлеміне қайта оралғанына қуанышты.

"Эйзи, саған сәттілік тілеймін. Иглз әрқашан сені қолдайды", "Текст сөз жоқ, әрдайым жаныңдамыз", "Иглздар сені сағынды, тек жоғалмай, жақсы жаңалықпен қуант бізді", "Сен – өте таланттысың, трек – от", "91 тобынан кеткеніңе бір жыл болыпты, енді ұзақ жоғалмай осылай қуантып тұр", – деп тілегін білдірді олар.

Талқылау