Қазақстанда 90 жастағы майдангер Т-72 танкісін жүргізді

Дүйсенбі, 18 Қаңтар , 2016 15:03

ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысы ардагерінің тілегін орындады. «Астана» өңірлік қолбасшылығында «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында Ұлы Отан соғысының ардагері, танкіші  Исмагил Ғалиуллин жас әскери қызметшілерге шеберлік сыныбын өткізді.

20160118134414

Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Сексеннің сеңгірінен асып, тоқсан жасқа келгеніне қарамастан, жауынгерлік машинаны басқару дағдысын жоғалтпай ардагер Т-72 танкісінің иінтірегіне отырды.

20160118134409

Қазіргі кезде армияның жарағында анағұрлым ауыр құрышты, қару-жарағы мен техникалық тұрғыда жабдықталған заманауи жауынгерлік машиналар бар екенін айта кетейік. Алайда, танкіші ардагер үшін жаңа техниканы меңгеру аса бір қиындық туғызған жоқ. 90 жастағы Исмагил Ғалиуллин Ұлы Отан соғысы жылдары танкіші болды және өзінің қызмет еткен жылдарын есіне түсіргісі келді.  «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері ардагерге бұл жайтты есіне алуға көмектесті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ғалиуллин аты шулы Т-44-те шайқасты. Бүкіл Еуропаны артқа тастап, майдан жолын Берлинде аяқтады.

????????????????????????????????????

Жақында ғана Ұлы Отан соғысының батыры өзінің 90 жылдығын атап өтті. «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Сұлтан Камалетдинов ардагерді құттықтап, бағалы сыйлық табыс етті. «Исмагил Нигматұлы, біз Сізге ұзақ ғұмыр тілейміз және әрқашан көмектесуге дайынбыз. Бүгінгі таңда Сіз сияқты Ұлы Отан соғысының батырлары өте аз. Біз ерлігіңізді ешқашан ұмытпаймыз»,  – деп атап өтті қолбасшы өз сөзінде.

????????????????????????????????????

20160118134443

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар