9 жастағы қыз туған күнінен жиналған ақшаға полицейлерге түскі ас алып берді
Самиа Маклафлин «қауіпті қадрлар» түсірілімін көрген соң, полицейлерді қалайда таң қалдырғысы келген.
Сурет: nz1.ru
Ақырында, өзінің туған күнінде офицейлерге түскі ас алып береді. Ол туған күнінен түскен ақшаның бәрін осылайша тамақ алуға жұмсаған.
Ол телеарынадан Далласта болған қанды оқиғада 5 полицейдің ажал құшқанын көрген. Осыдан кейін офицерлерге қолдау көрсеткісі келген.
«Мен полиция қызметкерлеріне көмектескім келеді. Мен оларға қолдау көрсетсем деймін. Полицейлердің қызметіне алғысымды білдірем», – дейді Самия.
Әкесі де қызын осындай мінезі үшін мақтан тұтатынын айтады.
Полицейлер қызға алғысын айтып, құшақтарына алды. Мейірбан қыз осылайша «Күн офицері» атанды.
Жіберіп алмаңыз:
Өскеменде түскі асқа келген шенеуніктер үшін полицейлер жол қозғалысын тоқтатып тастады
Талқылау