Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жасар қыз анасын емдету үшін ойыншықтарын сатты

Жанашыр адамдар Польша тұрғынының қымбат отасының ақшасын жинастыруға көмектесті.

1437836

Фото: lifeisphoto.ru

9 жасар Ася өзінің барлық затын сатып, анасының еміне ақша жинайды. Қыздың анасы инсульттен кейін қозғалудан қалған. Анасы ауруханада жатқанда Ася өзі тұратын ауданға хабарландыру іліп шығады.

“Менің атым Ася. Мен анамды емдету үшін ақша жинап жатырмын. Заттарды сатып алу арқылы қол ұшын созуларыңызды сұраймын”, – деп жазады қыз хабарландыруда. Мұнымен қатар, жеңімпазға сыйлық ұсынатын кішігірім лотореялар әзірлеп қойғанын айтады.

Көршілері кішкене бүлдіршіннің еңбекқорлығына қайран қалады. Уақыт өте келе бұл оқиға журналистерді де қызықтырады. Аукцион күні көше бойы адамға лық толып, жиналған ақшаны Ася бір апта бойы санайды. Осылайша, ол анасының отасының ақшасын төлейді.

“Қызымның бұл әрекетіне қарап жүрегім елжіреп тұр. Осы уақытқа дейін Асяның мұнша батыл екенін білмеппін. Мен көршілерден көмек сұрауға ұялатынмын”, – дейді анасы.

Асяның өзі анасын ерекше жақсы көретіндігін айтады. “Менің анамды қалай жақсы көретінімді білесіздер ме? Осы жерден ғарышқа дейін. Себебі, ғарыш шексіздіктің белгісі”, – дейді Ася.


Жіберіп алмаңыз:

Әкімнен сөз естіген ақтөбелік 14 баланың анасы қоныс тойын тойлады

Ұлы ауыр дертке шалдыққан анасын аман алып қалудың қамын жасап жүр

Ашынған ақжаулықты ана қаланың қақ ортасында киімін шешіп тастады

14 баланың анасы: Әкім “жағдайың болмаса туа берме” деп ұрысты

Талқылау