Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда 9 жасар баланы азаптап өлтірген азамат сотталды

Қарағандыда 9 жасар баланы зорлап, азаптап өлтірген 53 жастағы ер кісіге үкім шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

svadebnaya-strelba-sud-otkazalsya-arestovat-pomoshchnika-prokurora-38459

«Ағымдағы жылдың 18 қарашасындағы үкім бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі (адам өлтіру), ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлімі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және ҚР ҚК 380-бабының 2-бөлімі (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) бойынша сотталушы айыпты деп танылды.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша 25 жылға бас бостандығынан айырылып, соның ішінде 5 жылын түрмеде, қалған мерзімді қатаң режимді түзету колониясында өтейтін болады», – деп айтты Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметінде.

Сотта ер кісі адам өлтіргенін мойындап, бірақ зорлағанын теріске шығарды. Психологиялық-психиатриялық сараптама оның ақыл-есі дұрыс екенін айтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ, сондықтан апелляциялық  шағым түсірілуі мүмкін. Бұрын хабарланғандай, 2016 жылдың қыркүйек айында 53 жастағы Шахан ауылының тұрғыны 9 жасар баланы зорлап, азаптап өлтіргені үшін сотта айыпталған болатын. Сот ісі жабық режимде өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың сәуір айында Шахан ауылында 9 жасар бала жоғалды. Оны әлеуметке жат өмір салтын ұстанатын ер кісінің пәтерінде тұншықтырып өлтірілген күйінде тапқан. Бұрын билік өкілдеріне бағынбағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Полицейлер пәтер иесін адам өлтіруге күдікті деп ұстаған. Өлген 3-сынып оқушысы көп балалы отбасында дүниеге келген. Мектептен шыққасын аулада ойын ойнап, содан үйіне қайтпаған. Ата-анасы баласының жоғалғаны жайлы полицияға хабар берген.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде кондуктор жасөспірімді жол ақысына бола ұрып жіберді

Қазақ қызы әлемдік Құран жарысында екінші айналымға өтті

Неге қымбат? Қазақстанда Құран кітап 90 млн теңгеге сатылып жатыр

Қазақстандықтар желтоқсан айындағы мейрамдарда қалай демалады

Талқылау