Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 жасар алматылық қыз талантымен Галкинді таңғалдырды (видео)

9 жасар алматылық Вероника Каткаева Максим Галкиннің шоуына қатысып, оны талантымен таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

9 жасар алматылық қыз талантымен Галкинді таңғалдырды

Вероника – модель, актриса. Сондай-ақ, вокалмен кәсіби түрде айналысады. Жеткіншек Галкинмен әңгіме барысында жарнамаға түсіп жүргенін, ал жақында әлеуметтік роликтің түсіріліміне қатысқанын айтты. Ол, тіпті түсірілім үшін шашын қиып, тақыр етіп алып тастағанын мойындады.

Бағдарлама барысында Вероника Агния Бартоның өлеңдерін жатқа оқып, көрермендер мен жүргізушіні таңғалдырды. Сондай-ақ, актер Антон Лаврентьевпен бірге “Маленький принц” ертегісінен қойылым қойды.

 

Талқылау