Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

9 жасар алматылық ресейлік шоуда талантымен Валерий Меладзені тәнті етті (видео)

Тағы бір алматылық жас талант ресейліктерді өнерімен тәнті етті. 9 жасар Жан Маким "Голос.Дети" шоуына қатысып, Валерий Меладзенің өзін таңдай қақтырды, деп жазады Stan.kz.

9 жасар алматылық ресейлік шоуда талантымен Валерий Меладзені тәнті етті (видео)

Оңтүстік астана тұрғыны жоба кезінде Стиви Уандердің Sir Duke атты әнін орындады. Валерий Меладзе жеткіншектің өнерін жоғары бағалап, әннің ортасына жетпестен оған кері бұрылды. 

"Керемет орындадың", - деді көтеріңкі көңіл-күймен Меладзе. 

"Шебер, шебер", - деп қоштады өзге төрешілер. 

Өзін таныстыру барысында Жан Майкл Джексон, Стиви Уандер сынды өнер иелерін жақсы көретінін атап өтті. Кішкентай бүлдіршіннің талғамына қайран қалған төрешілер Жанға мұндай музыкалық талғамды кім сіңіргенін білуге асықты. 

"Өзім сондай болып туылдым", - деген Жан тапқырлығымен қазылар алқасын баурап алды. 

Жан Маким Валерий Меладзенің тобына қосылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр