Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9-сынып оқушысы Ақтөбе әкіміне бейнеүндеу жолдады (видео)

Ақтөбедегі Шанхай ауданында тұратын 9-сынып оқушысы қала әкімі Ілияс Испановқа үндеу жолдап, жол мен тротуар мәселесіне көңіл бөлуді сұрады.

Оқушы қыз Пожарский көшесіндегі үй жанындағы быт-шыты шыққан жол мен пайдалануға мүлде қолайсыз тротуардың жәй-күйін көрсетеді. Қыздың айтуынша, аяғын ластамас үшін ол күн сайын үлкен қиындықпен осы жерді жүріп өтуге мәжбүр. Видеода жолдың да, тротуардың да асфальттанбағаны, айналасының бәрі қоқыс пен лас екені көрінеді.

“Жаңбыр жауған сайын мына жер ми батпаққа айналады. Үйге дейін көлікпен де жету мүмкін емес, себебі жолдың бәрі ойдым-ойдым шұңқыр”, – дейді ол. Ол өзінің інісінің де мектепке бару үшін қалай қиналатынын айтып өткен. Аяғы батпаққа былғанбай, қиналмай жету үшін оған гимнаст болу керек шығар дейді қыз.

Сөз соңында ол әкімге тыңдағаны үшін алғыс білдіріп, проблемаға назар аударады деп үміттенетінін жеткізеді.

Тағы да оқыңыз:

Шынымен қазақтар қысым көріп отыр ма?: Депутат Сағынтаевтан Қытайдағы қандастардың жағдайын сұрады

Қарағанды облысында иті иесіне адамның бас сүйегін тауып әкелген

Алматыдағы ХҚКО тұрғындар туралы мәліметті өзгелерге заңсыз таратқан

Талқылау