Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 шілде күні республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауады

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде  атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай және екпінді жел болады, республиканың батысында және солтүстік-шығысында жекелеген аудандарында бұршақ болуы ықтимал.

1318264601_rain-14

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында  жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Атырау,  Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды  облыстарының   кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.


Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбе облысында тауық жұмыртқасындай бұршақ жауды

Ертең оңтүстікте 40 градустық ыстық болса, кей өңірлерде бұршақ жауады

Алматыда қатты жаңбырдың соңы бұршаққа ұласты (фото, видео)

Талқылау