9 мамырда соққыға жығылған ардагер жарты миллион теңгесін жасырып үлгерген

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 11:24

9 мамыр күні екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін өз пәтерінде соққыға жығып, бес мың теңге ақшасы мен ордендерін алып кеткен.

3555

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Еске сала кетсек, 91 жастағы соғыс ардагерінің үйіне артынан ілесіп кіріп келген бейтаныс ер адам, Михаил Рогожкинге шабуыл жасап, есінен тандыра ұрған. Ал ізінше полиция келген кезде, ұрлықшы ордендерді суға ағызып жіберген. ШҚО ІІД қылмыс жасаған 40 жастағы ер адамның бұрын да сотты болғанын хабарлады.

Ардагер осының алдында ғана Жеңіс күніне орай әкімдіктен жарты миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған екен. Сірә, тонаушы қарияның ақшаға кенелгенін біліп әдейі жоспарлап келген болуы мүмкін.

“Қуанышқа орай ол ақшаны тонаушы таба алмаған. Ол тек қарияның ордендері мен бес мың теңге ақшасын ғана алып үлгеріпті”, – дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

92849a3ddd50d0340568b0b5dd670446

Ардагердің туыстарының мәлімдеуінше, қария ірі көлемдегі ақшаны жасырып үлгерген. Қазір ардагер ауруханада жатыр.

“Ата қазір үйге қайтуға асығып, дәрігерлерден сұранып жүр. Бірақ, біз асықпа деп жатырмыз. Ол кісі бүкіл соғысты бастан өткерген жан. Қырымда, Белорусияны азат етуде, Украинада соғысты. Барлық туыстар мен қоғам үшін ол кісі ерліктің белгісіндей. Қазір жасы 90-нан асқанына қарамастан әлі тың, барлық шаруаны өзі істейді. Өзіне шабуыл жасаған кезде де ол дүние-мүлік үшін емес, алған марапаттары үшін қатты алаңдады. Тек ордендерін тәртіп сақшылары тауып берген кезде ғана көңілі тыныш тапты. Қылмыскерді лайықты түрде жазалайды деп үміттенеміз”, – дейді немересі Владимир Лошкарев.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар