Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 айлық сәби анасы қателесіп берген улы сұйықтықты ішіп шетінеп кетті

Бір жасқа толып үлгермеген сәби судың орнына улы сұйықтық ішіп шетінеп кетті. Ал улы сұйықтықты анасы қателесіп берген екен.

Бұл туралы «360» басылымы жазды.

Оқыс оқиға Красногорс қаласында болған. Сәби анасымен бірге сауда орталығының маңынды көлік ішінде отырған. Әйел ұлына көлік ішінде тұрған бөтелкедегі суды бергенін айтады. Алайда сәбидің жағдайы бірден нашарлап, шұғыл ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер сәбидің белгісіз сұйықтықтың әсерінен қайтыс болғанын айтады.

Әйелдің үстінен “Абайламаушылық салдарынан кісі өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал бөтелке ішіндегі сұйықтық тексеріліп, ішінде эпоксидті шайыр болғаны анықталды. Мамандардың айтуынша, аталған сұйықтық желім, герметика, пластмасса әзірлеу үшін қолданылады. Теріге айтарлықтай әсер етпесе де, көз бен асқазанға түскен кезде, денсаулыққа кері әсерін тигізуі мүмкін.

Эпоксидті шайыр бір қарағанда суға ұқсайды. Мұнымен қатар, айтарлықтай өзгеше иісі де жоқ. Оны көпшілік сумен шатастырып алып жатады.

Талқылау