Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9 айлық нәресте эскалаторға шығып, құлап кетті (видео)

Қытайдың Уси қаласында қараусыз қалған сәби эскалатордан құлап кетті. Ол балаларға арналған тіреуіш құралымен жүрген.

Анасы дүкеннен зат қарап тұрғанда, баласы сыртқы шығып кетеді. Адамдар жүріп жатқан эскалаторға беттейді. Эскалатордың жоғарыға көтеріліп жатқан бетіне жақындап, құлап кетеді. Осы кезде анасы жүгіріп жетті. Қуанышқа орай сәбиді жас жігіт ұстап қалды. Ол әскери қызметкер болып шықты.

Соның көмегімен бала ауыр жарақат алмаған. Полицейлер баланың анасымен сөйлесіп, түсіндіру жұмысын жүргізді.

Оқиғаны сауда орнындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Желіге траған соң қолданушылар қараусыз қалдырған сәбидің анасына сын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау