Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

84 жастағы миллиардер Руперт Мердок атақты супермодельге үйленетінін айтты

Медиамагнат Руперт Мердок Мик Джаггердің бұрынғы құрбысы Джерри Холлмен үйленетінін мәлімдеді. Кәсіпкердің бұл осымен төртінші некесі.

325210325210

Британдық The Rolling Stones тобыбының солисі Мик Джагердің ұзақ жыл бойғы жолдасы, бұрынғы супермодель Джерри Холл өз бақытын тапты. Оның таңдауы 84 жастағы медиамагнат Руперт Мердок болды.

Мердоктың соңғы некесі америкалық кәсіпкер әйел Венди Денгпен болған еді. Олар 2013 жылы айырылысып кетті. Холл Джагермен 22 жыл бірге тұрды. Бірақ, ол екеуінің ара қатынасы тұрақтала қоймады. Олардың Индонезияның Бали аралында өткен той салтанаты заңсыз деп танылған.

Руперт Мердок – танымал австралиялық және америкалық кәсіпкер, ірі БАҚ иесі, АҚШ, Австралия, Европа, Латын Америкасы мен Азия елдеріндегі кинокомпаниялар мен баспалардың қожайыны. Мансабынан бөлек ол саяси көзқарастарымен де танымал. Бір кездері, ол Барак Обаманы нағыз қара нәсілді президент деп санамайтынын, өйткені елде нәсілдік кемсітушілердің орын реттелмегенін айтқан.

Талқылау