Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

82 жастағы Джигарханянның жас әйелі жұбайынан бала сүйгісі келген

КСРО Халық әртісі Армен Джигарханян «Центральное телевидение» бағдарламасында отбасында туындаған жанжалдың себебін түсіндірді. Актер жұбайына ренжігенін ашып айтты.

«Виталина біздің балалы болуымыз үшін жанталасты», – дейді Армен Джигарханян.

37 жастағы жұбайының қалауы әртістің ашуын келтірген. Ол жас жұбайының шын ниетпен бала сүйгісі келетініне сенбейді.

«Тек арам ниетті адам 80 жастағы қартқа балалы болуды ұсынады», – дейді актер.

Ал Виталина күйеуімен арадағы қатынасының ретке келетінінен үмітті.

«Мен бұл түсініспеушілік таяу күндері бітеді деп үміттенемін… Мен бір аптадан аса уақыт бойы күйеуіммен араласа алмай жүрмін. Оны қайта көре алатын уақытты күтемін дегім келеді», – дейді Цимбалюк-Романовская.

Dni.Ru хабарлағандай, ғажайып махаббатымен көпшілікті қызықтырған Армен Джигарханян мен Виталина Цымбалюк-Романовская аяқ асты ұрысып қалып, 80 жастағы актер әйелінен белгісіз бақытқа кетіп қалған.

Күйеуі үшін қорыққан Виталина әртістің жоғалып кеткендігін айтып, полицияға хабарласқан. Белгілі болғандай, әртіс ауруханаға түскен. Актердің бөлмесін торуылдаған тілшілерді Джигарханян өз жауабымен таңдандырды. Ол әйелін ұры деп атап, ажырасуға ниетті екенін айтқан.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар жол апатынан кейінгі жағдайын айтып, көзіне жас алды

Дәурен Айдарқұлов Ақботаны туған күнімен ерекше құттықтады

Америкалық вирусты «Қайда?» әнін акцентсіз орындап шықты

Артистер тартылған Аралда би биледі (видео)

Талқылау