82 жастағы әже өзінен әлдеқайда кіші жігіттермен кездесуге барып жүр

Жексенбі, 16 Сәуір , 2017 8:11

Нью-Йорк қаласының тұрғыны кез келген жаста ғашық бола беруге болатынын айтып жатыр. Бүгінде 82 жастағы әже белсенді түрде кездесулерге барады. Ол жігіттермен танысу үшін Tinder қосымшасын қолданады екен.

4

Бұл туралы L!FE.ru басылымы хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, америкалық әйел өзінің сүйіктілеріне арнап өлеңдер де шығарады екен. Форест өзінен әлдеқайда жас азаматтармен танысқанды ұнататынын айтты. «Мен аз уақыт ішінде бірнеше азаматпен танысып үлгердім. Оның бірі 39, кейінгісі 41 жаста еді. Бірақ олар екінші кездесуге келмей қойды», – дейді ол.

Америкалық жастығын сақтап қалғысы келетін жандарға өзінен жасы кіші азаматтармен дос болуға кеңес берді. «Мен кездесіп жүрген жігіттердің көбісі – шоу-бизнес өкілдері. Олардың жасы 25, 30, 40-тан асқан. Олар менің алжасып қалмауыма септіктерін тигізеді», – дейді әйел.

Диана Форест өлең шығарып қана қоймай, ән де айтады екен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар