Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

81 жастағы қазақстандық әжей әлемге саяхатын жалғастыруда (видео)

81 жастағы қазақстандық Лена Тоқсанбаева әлемге саяхатын жалғастыруда. Бұл жолы балалары мен немерелері зейнеткерді АҚШ-тың ең атақты қаласы Нью-Йоркке апарған.

20160324123809

Әжей әйгілі “Таймс-сквер” алаңынан барша қазақстандықтарға Наурыз мерекесімен құттықтап сәлем жолдап та үлгерді.

Лена Тоқсанбаева алғаш рет шетелге 79 жасында шыққан. Әжейдің табаны тиген алғашқы шет мемлекет – Англия және оның астанасы Лондон болды. Соңғы үш жылда ол Париж, Барселона, Таиланд сияқты ірі елдер мен қалаларға ат басын тіреген. Әжей қайда болмасын, ұлттық киімін үстінен тастаған емес. 

 

 

 

Талқылау