Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

80 жастағы әжей: Сараптама үшін қазып алынған ұлымның денесін тергеушілер жоғалтып жіберді

Алматыда сексен жастағы әжей, сот сараптамасы үшін қабірден қазып алынған ұлының мәйіті жоғалып кеткенін айтады.,-деп жазды 31 арна.

«Кеңсай» зиратындағы қабірінен қазып алынған адам денесі неге Боралдайдағы белгісіздер моласынан бірақ шыққан? Онда өлі денені кім апарған?

Елімізде аса ауыр қылмыстық істер неге ашылмай жатыр?

Оқиға осыдан тура 4 жыл бұрын,  2013 жылдың 26 желтоқсанында болған. Раиса әжей, келіні мен баласының екеуара ренішінен соң, Ақтөбедегі ұлына 24 желтоқсан күні жол жүріп кетеді. Бірақ пойызбен 26 күні кешкісін жеткен кезде Алматыдағы келіні ұлының қайтыс болғанын айтып, хабарласады.

Кейін естігендей, оқиға орнына келген жедел жәрдем мен полиция Марал Әділовтің жүрегі ұстап, қайтыс болғанын айтқан. Қаралы шаңырақ айтпай келген ажалға теліп, ұлдарын ақтық сапарға шығарып салады.

Міне, Кеңсай зиратындағы мына зиратқа жерлейді. Бірақ күліп-ойнап жүрген ұлының аяқ асты өлімі марқұмның жақындарының күдігін оятып, құқық қорғау органына жүгінеді. Түсініксіз жайттар сол кезден басталған. Қылмыстық істің қозғалуына байланысты, қайтыс болған жігітке эксгумация жасатуға, яғни қабірден мәйітті қайта қазып алуға жақындары рұқсат береді.

«2014 жылы қылмыстық істің аясында мәйітке эксгумация жасалды. Ағамның денесін қалалық мәйітханаға алып келді. Қылмыстық іс ұзақ жүрді де, 2016 жылы қысқарып қалды»,-дейді  марқұм Әділовтің туысы Надир Тұрғанұлы.

Ал, қабірінен қазып алынған мәйіттен сот сараптамасы үшін материал алынады. Өлім себебінен өзге марқұмның жақындары, қайтыс болған адам мен қызының ДНК-сына сараптама жүргізуді де талап етеді.

Өйткені, Әділовтің анасы, ерлі-зайыптылардың арасындағы дау – ортақ қыздарының әкесінен емес екендігі туралы әңгімеден басталғанын айтады.

Яғни ДНК сараптамасын жасатуды марқұм қайтыс болмай тұрған кезде іске асырмақ болған екен. Үлгермепті. Марал Әділовтің анасы адам өлтіруге – сол жағдай себеп болуы да мүмкін деп, келініне күдік келтіріп отыр.

Алайда, қаралы отбасының басындағы жағдай мұнымен бітпей, күйеуінен кейін келіні де қатерлі дертпен ауырып, көз жұмады. Бірақ марқұмның жақындары бұл қылмыстық істің жабылуына мүдделі  басқа да адамдар болғанына сенімді.

«Менің ойымша, нағашы ағамның өліміне қатысты қылмыстық істің ашылмай қалуына мүдделі адамдар тобы бар. Өйткені, істің қайта қозғалуына қолымыз жетсе де, тергеудің дұрыс жүруіне кедергі жасала береді. Сол себепті Бас прокуратураның қабылдауына  кіру үшін Астанаға келдім»,-дейді  марқұм Әділовтің туысы Надир Тұрғанұлы.

Қайтыс болған азамат – Надир Тұрғанұлының нағашы ағасы. Астанаға Бас прокурордың өзін қабылдауын өтініп келген. Өйткені, күдігін күшейткен деректер көбейіп кетті деп отыр. Мәселен, мәйітханадағы ағасының денесін морг қызметкерлері жақындарына ескертпестен, «Батыс» зиратына апарып көміп тастаған.

«Біз қайта шағымданып жүргенде, осы жаққа әкеп жерлеп тастаған. Іздеушісі жоқ, сұраушысы жоқ адам ретінде осында әкеліп жерлеген»,-дейді марқұмның туысы Дәния Әділова.

Аты-жөні анық бола тұра, сұрауы жоқ адамдардың зиратына көмілген мәйіт – менің інім емес, – дейді марқұмның әпкесі Дәния Әділова. Өйткені, сот сараптамасын жасату үшін, ондағы мәйіт те қайта қазып алынған. Міне, мына кадрлар 2016 жылдың қазан айында түсірілген. Мәйіт қабірден қазып алынғанда, әйел адамның шашы бірге шықты. Яғни бұл мәйіт ер адамға емес, әйелге тиесілі дейді марқұмның туысы.

Сараптамаға әкелген мәйіт жоғалып кеткендіктен, сараптама үшін алынған материал, яғни адамның дене бөлшектері сақталған қорапты да сақтап отырмыз дейді Дәния. Бірақ бұл қораптың ішіндегі материалдың кімге тиесілі екенін білмейміз деп отыр.

Өйткені, сараптама қорытындыларындағы ДНК көрсеткіші де бір емес, бірнеше адамға тиесілі болды дейді. Мәселен, мына үш сараптамадағы бір адамнан алынған ДНК қорытындысы үш түрлі. Тек екеуінде марқұмның көрсеткіштері ұқсас.

Ал, қалалық ІІД атышулы бұл қылмыстық істің қазір қайта қаралуға келгенін айтады. Бірақ бірде бір сараптама қорытындысы марқұмның басқа себеппен қайтыс болғанын растамады деп отыр.

«Тағы да үш кешенді сараптама жүргізілген болатын. Оның бірін Астана қаласынан мамандар шақырылды. Ол сараптамалардың қорытындысы да сол шешімді күшінде қалдырды»,-дейді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бірақ Марал Әділовтің туыстары бір сараптама нәтижесінде, марқұмның желкесінде гематома, яғни қанды ісіктің болғаны анықталған-тын, бірақ ешкім ескермеді деп отыр. Ал енді сараптама жасатуға туысымыздың денесін таппай отырмыз дейді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда биыл 11 рет теракт жасалмақ болған

Бойжеткен порноактрисаға ұқсау үшін 30 рет ота жасатқан

Ғалымдар ет жеудің көңіл-күйге тікелей әсер ететінін анықтады

 

 

Талқылау