Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

80 жастағы Армен Джигарханян үшінші рет үйленді

2015 жылдың 3 қазанында сексеннің сеңгіріне шыққан актер Армен Джигарханян үшінші рет отау құрды. Актердің таңдауы 36 жастағы Виталина Цымбалюк-Романовскаяға түскен.

Открытие выставки "Царство Флоры" в особняке Румянцева. Коллекция цветочных натюрмортов голландских и фламандских живописцев XVII - начала XVIII столетия. Картины из собрания арт-галереи "Модус-Вивенди". Музыкант Виталина Цымбалюк-Романовская, артист Армен Джигарханян.

Сурет joinfo.ua

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

15 жыл бойы кездесіп жүрген жұп Мәскеудегі Гагарин АХАЖ бөлімінде тіркелген. Салтанатты шараға тек жақын достары ғана шақырылыпты. “Біздің жақындығымыз туралы санаулы адамдар ғана білетін: Армен Борисұлының достары және оның әпкесі Марина. Ал театрда ешкім білген жоқ”, – дейді Цымбалюк-Романовская.

2015 жылы 18 маусымда Цымбалюк-Романовская Джигарханян театрының директоры болып тағайындалған.

Армен Джигарханян — КСРО халық әртісі және театр режиссері. Мәскеу драма театрының негізін қалаушы. “Сәлеметсізбе, мен сіздің тәтеңізбін”, “Кездесу орынын өзгертуге болмайды”, “Еркектер”, “Төртінші” секілді фильмдерге қатысқан.

Талқылау