Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүлде қоры 80 мың доллар: Зарина Дияс Жапонияда қарсыласын 6:0 есебімен ойсырата ұтты

Гифуде ITF сериясындағы турнирде қазақстандық Зарина Дияс пен тайпейлік Эш Шу Лан арасындағы матч өз мәресіне жетті. Қарсыласынан 7 жас үлкен Зарина Дияс 6:0 және 6:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін спортшы амрикалық Джейми Лебті – 6:0, 6:1, қытайлық Ю Юаньді – 7:5, 6:2, жапониялық Куруми Наруді – 2:6, 7:6 және австралиялық Мэддисон Инглисті 1:6, 6:4, 6:1 есебімен жеңген болатын. 

Kangaroo Cup жүлде қоры 80 мың долларды құрады. 

Алматылық тоғызыншы рет ITF сериясындағы турнирде жеңіске жетіп отыр. 
Бұдан өзге Зарина Дияс WTA сериясындағы турнирдің чемпионы. 2017 жылдың қыркүйек айында Токиода өткен болатын. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр