Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 жылын жындыханада өткізген Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығатын болды

Өмірінің соңына дейін Түркістандағы жындыханаға жабылған Маржан Тұрлыбаева бостандыққа шығатын болды. Күрмеуі күрделенген көкейтесті мәселеге нүкте қойылды.

7779d18a61414ff94a179235d0ab0ca4_L

Бұл туралы Korrespondent.kz хабарлайды.

“Осыдан бір жыл бұрын көмек сұраған бойжеткеннің жанайқайын жұртшылыққа жеткізіп, талай былықтың бетін ашуға себепкер болдық. Қыздың тағдырын ойыншыққа айналдырғандарды жазалауды сұранып, құзырлылардың табалдырығын да тоздырдық. Еткен еңбек еш кетпей, Маржан Тұрлыбаеваға осы күнге дейін қойылған диагнозы расталмай, сау екенін дәлелденді”, – деп шымкенттік журналист Гүлжан Байназарова хабарлады.

«Ақыл есім дұрыс” деп, көпшіліктен көмек сұраған Маржан сегіз жылын жындыханада өткізді. Түркістандағы психо-неврологиялық әлеуметтік мекемесінде ем қабылдаған қыздың сау екендігі бірнеше сараптамадан кейін дәлелденді. Маржанға алғаш рет шымкенттік писихиатрлар “шизофренияның жәй түрі” диагнозын қойған. Ал алматылық мамандар мұны жоққа шығарды»,-деді журналист.

Сонымен Түркістан қалалық сотының судьясы Дина Бейсенбекова қайта сот сараптамасын жасатып, бойжеткенді өз іс-әрекетіне қабілетті деп таныды. Соттың үкімі күшіне енгеннен кейін Маржан бостандыққа шығады. Бірақ кәмелеттік жасқа толған арудың қайда барары белгісіз.

Бұған дейін Маржан Тұрлыбаеваның босап шығуға мүмкіндігі бар екендігі туралы жарияланған еді.

Талқылау