Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

8 жылдан бері бала-шағамды көрмедім: Шымкенттегі түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдердің тағдыры

13 жылға бас бостандығынан айрылған келіншек 8 жылдан бері үйдегі бала, немеренің қалай өсіп жатқанын көре алмай келеді. Бұл - еліміздегі қауіпсіздігі бойынша ең жоғары, әрі тәртібі қатал мекемеде жазасын өтеп жатқандардың басындағы жағдай.

8 жылдан бері бала-шағамды көрмедім: Шымкентте түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдердің тағдыры

Олардың арасында - көп балалы ана да, үбірлі-шүбірлі әже де, 18-ден жаңа асқан бойжеткен де бар. Оларға туыстарымен жолығуға жылына 1 рет қана рұқсат етіледі. Сыртқы әлемнен барынша оқшауланған Шымкенттегі түзеу мекемесіндегі әйелдердің бүгінгі өмірі туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Бұл аяғын шалыс басқан әйелдер түрмесі. Қазақстандағы қауіпсіздігі барынша жоғары жалғыз түзеу мекемесі. Жәй күнде мұнда келіп-кетпек түгілі, ішке кіріп шығудың өзі мұң. Айналасының барлығы темір тормен бекітіліп, жағалай бейнекамера орнатылған. Сондықтан, бұл жерден сытылып кету мүмкін емес. 

Нина Алимова тағдыр тауқыметін тартып жүрген жанның бірі. Кезінде қылмыс жасап, он жылға сотталған. Жеті жылын өтепті. Арагідік туыстарыммен байланысқа шыққаны болмаса, он сегіз ай дегенде әпкесімен қауышты.  

“Тағдыр жазуымен осында қайта келдім. Үйімде екі қызым бар, мені күтіп отырған. Бірінің бес баласы бар. Жиі келе бермейді. Бірақ, мүмкіндігінше, байланыс орнатып тұрамыз”, - дейді жазасын өтеуші Нинан Алимова.

Жазасын өтеуші бұған дейін де түрменің дәмін татқан екен. Тәртібі жақсы деген желеумен кезінде бостандыққа да ертерек шығыпты. Бірақ, арада небәрі бес жыл өткенде қайта келген. Енді міне, бүгін оның артынан іздеп, туысы келді. 

“Туысымның бостандыққа шығуын асыға күтіп отырмыз, енді аз уақыт қалды. Аман есен ортамызға оралып, дұрыс өмір сүрсе дейміз”, - дейді жазасын өтеушінің туысы Анна Кондратьева. 

Нина Алимова сиықты осында 200-дей әйел бар. Барлығы ауыр қылмыс үшін жазасын өтеп жүргендер. Арасында жасы келгендері де бар. 13 жылға сотталған Ирина Чеп жазасының тең жарымын өтепті. Тігінші мамандығын осы жерде үйренген. Бүгінде шеберханада тапсырысқа сәйкес, киім тігумен айналысады. Бостандыққа шыққан соң, қайтып мұнда оралғым келмейді, дейді. 

“Мен 13 жылға бас бостандығымнан айырылдым. Міне, 8 жыл отырмын осында. Бір ұлым, екі немерем бар. Олар асыға күтіп отыр. Ертерек, солардың жанына барсам деймін”, - жазасын өтеуші Ирина Чеп.

Түрменің де өз заңы бар. Жазасын өтеушінің тәртібі жақсы болса жеңілдікке ілінеді, ал мерзімнің үштен бірін өтесе бостандыққа шығуына мүмкіндік бар екен. Сондықтан, сотталушылардың тәртіпке бас игенінен басқа амалы жоқ. 

“Биылғы жылы тәрбие жылы болғандықтан, қылмыстық атқару жүйесі департаменті тарапынан әрбір түзеу мекемесінде осындай тәрбиелік мәні бар іс шаралар жүргізіледі. Халықпен Ашық есік күнін жиі өткізіп тұрамыз”, - деді қалалық қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Фархад Исақбаев. 

Ашық есік күніне орай концерттік бағдарлама әзірленіп, ән-биден хабары барлар өз өнерлерін көрсетті. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр