Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 жастағы сириялық қыздың туындылары әлем назарын аударды (фото)

Соғыстан кейінгі Сирияның жұпыны бейнесін қағаз бетіне сурет қылып түсірген 8 жастағы Мария Баргутидің туындылары әлем назарын аударып, миллиондаған адамдардың жүрегін тебірентті.

xlarge

Бұл туралы Middle East Eye басылымы хабарлап отыр.

Мария ата-анасымен бірге Дамаск қаласында тұрып жатыр. Ол өз туындыларына елінің соңғы 5 жылдағы тұрмысын арқау еткен.

Сирия2

Жас суретшінің туындыларынан күн сайынғы бомбалау, бейбіт тұрғындардың өлімі, талқандалған тағдырларды табуға болады.

Сирия1

Соғыс Марияның үш жасында басталып кеткендіктен, ол тіпті бейбіт күннің қалай болатындығынан да бейхабар екен.

Сирия3

Мария “Соғыс дегеніміз не?” деген сұраққа, “Ол адамдар арасындағы сүйіспеншілік жоғалған кезде болатын жағдай” деп ересек адамдарша жауап қатқан.

Оқи отырыңыз:

Көлікте жалғыз селфи жасаған қыз елесті де қоса суретке түсіріп алған (фото)

Алматы облысында жаңа туған сәбиін әжетханаға тастаған келіншек кешірім сұрады

Полицейлердің өзін ұрған бұзақылар жұртты шошытты (видео)

Қазақстандағы шашы ең ұзын 7 бойжеткен (фото)

Талқылау