Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 жасар қыздың көзімен: Туған және өгей ананың айырмашылығы қандай?

Соңғы кезде өгей аналардың баларына жасаған қияметі туралы оқыс оқиғалар көбейіп кетті. Жұрт мұндай әйелдерге қатысты түрлі жағымсыз пікір білдіріп жатыр. Ал бүлдіршіндер өгей ананың әрекеттерін қалай қабылдайды?

mother-1171569_960_720

Бұл туралы «Ана бақыты» парақшасында жазылды.

Сегіз жасар қыздың анасы қайтыс болып кетеді. Әкесі марқұм әйелінің жылы өтпестен қайта үйленді. Бір күні әкесі қызынан қазіргі әйелі туралы сұрайды.

– Балам, сенің бұрынғы анаң мен қазіргі анаңның айырмашылығы қандай?

– Бұрынғы анам өтірікші. Қазіргі анам шыншыл екен.

– Қалайша?

– Бұрынғы анамды ренжітсем, «Егер мені ренжітсең, тамақ бермей қоямын» деп айтатын. Бұл сөзіне қарамастан оны бұрынғысынан бетер ренжіте беретінмін. Ал ол мені ауылды шарлап жүріп тауып әкеліп, тамақ беретін. Қазіргі анам да «Мені ренжітсең, тамақ бермей қоямын» деп айтады. Екі күннен бері аш отырмын. Бұрынғы анам «Енді жылама. Әйтпесе, далаға лақтырып жіберемін» деп айтатын. Жыласам да, анам мені ұрмай-соқпай бауырына басып, «Балам, жылама, қай жерің ауырады? Кім тиісті?» деп жұбатып алады. Қазіргі анам «Ұрамын!» дейді және айтқанын орындайды. Бұрынғы анам үнемі өз ыдысындағы етті маған беретін. «Сіз неге жемейсіз?» дегенімде, ол кісі «Балам, мен етті жақсы көрмеймін» деп айтатын. Қазіргі анама «Менің ыдысымда неге ет жоқ?» десем, «Көп сөйлемей тамағыңды іш. Барлық адам етті жақсы көреді. Еттің бәрін сен жесең, біз не жейміз?» дейді. Әке, бұрынғы анам бәрін өтірік айтқан екен ғой. Ол да етті жақсы көрген болып тұр ғой, иә? Әкешім, сіз неге жылап отырсыз?

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келіншек енесінен тұңғышын қалай қайтарарын білмей жүр

Пәктігінен күштеп айырылған қыз жігіт атаулысынан қорқып қалған

32 жастағы қыз жұрттан өзі үшін дұға етуді сұрады

Анасының қалауымен 9 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан қыз әрекеті үшін өкінді

Талқылау