Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 жасар қыздың әкесі: Ол қызды шешіндіріп, өзі шалбарын тізесіне дейін түсірген

Алматы облысында зорлық оқиғасына ұшыраған 8 жасар қыздың әкесі қызының жағдайы туралы айтып берді.

girl1504

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

“Бала әлі шошынып қалған, содан арыла алмай жатыр. Осы уақытқа дейін оны әлі ешкім тексермеді. Ауруханадан ауруханаға жіберіп дұрыс қарамай жатыр. Есіктегі ауруханада томографияны 8,5 мың теңгеге әзер жасады”, – дейді әкесі Эльдар.

Сондай-ақ, ол тағы бір куәгердің табылғанын айтты.

“Тағы бір куәгер табылып, ол оқиға орынын және не болғанын айтты. Қылмыскердің қызды шешіндіріп, өзінің шалбарын тізесіне дейін шешкенін куәгер көріп қалған. Сараптама бәрін айқындайды”, – дейді әкесі.

Қылмыс жасаған ер адам қыздың отбасымен бір ауылда тұрады екен.

“Мен оны көрдім. Ол жұмыс істемейді, үнемі ішіп жүреді”, – дейді Эльдар.

Еске сала кетсек, 14 сәуір күні Түргенде мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға ер адам шабуыл жасайды. Ол қыз баланы қорқытып, таспен ұрып зорлық жасаған. Қыз баланы жергілікті малшы құтқарып қалыпты. Бұған дейін оқиғаға облыстық ІІД түсініктеме берген болатын.

Оқи отырыңыз:

Шетелдікпен некелескен Қазақстан азаматтарына жер беруге тыйым салынады

Әкімбай қария Астанадағы қарттар үйіне келінімен сыйыспай келгенін айтты

Алматы облысында қару кезенген ұрының өзіне тап берген сатушы қызға ноутбук сыйлады

Діни қызметкерлер ас беру кезінде жайылатын дастарханның мәзірін бекітті

Талқылау