8 жасар бала суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды

Суға батып бара жатқан 14 жастағы қызды 8 жасар бала құтқарып қалды.

Дмитрий Прокопец небәрі 8 жаста. Ол суға батып бара жатқан қызды көріп, қорықпастан үлкендерді шақырып үлгерген, деп хабарлайды 31 арна.

«Бастапқыда ол жай әзілдеп тұр екен деп ойладым. Сосын оның батып бара жатқанын түсіндім. Өліп қалды ма деп ойладым. Анама барып, қыздың суға батып бара жатқанын айттым. Анам құтқарушыға айтты. Ол кісі суға секіріп түсіп, қызды алып шықты», – дейді Дмитрий.

Баланың айтуынша, бассейн жанында ересектерден ешкім болмаған. Демалыс аймағының қызметкерлері де бой көрсетпепті. Дмитрийдің өзі бірнеше айдан беру суға жүзіп жүр. Сондықтан адамның суға батып бара жатқанын ажырата алады.

«Ол жуас, мейірімді бала. Оның сасқалақтамай әрекет етіп, біреуді аман алып қалғанына қуандым. Келе сала «Менің батырым қайда?» дедім», – дейді әжесі Надежда Михеева.

Бұл бала болмаса, қыздың өмірі қалай болары белгісіз. Ересектедің немқұайлығынан әдетте балалар осылай зардап шегіп жатады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар