Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 рет пышақ сұққан: Рахман Омаровтың бұрынғы әйелінің өлімінің мән-жайы айтылды

Алматыда өткен сот отырысында танымал актер Рахман Омаровтың бұрынғы әйелінің өлімінің мән-жайы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

8 рет пышақ сұққан: Рахман Омаровтың бұрынғы әйелінің өлімінің мән-жайы айтылды

Анықталғандай, Рахман Омаровтың бұрынғы әйелі мен оның пәтерін жалдап тұрып жатқан 30 жастағы Ақтолқын Сүлейменованың арасында ұрыс туындап, сотталушы оның мойнына 8 рет пышақ сұғып алған.

«25-маусымда түскі сағат 14:00  шамасында Гүлдерайым Омарова жалға беретін пәтеріне пәтерақысын (99 мың теңге) алуға келген. Сол сәтте үйде сотталушы Ақтолқын Сүлейменова болған. Екеуінің арасында біраз уақыттан соң  ұрыс-керіс басталады. Соның кесірінен Сүлейменова ас үй пышағын ала жүгіріп, Омарованың мойнының бір жақ бүйірінен, алдыңғы тұсынан бірнеше рет пышақ ұрған.  Көп ұзамай әйелдің қимылсыз қалғанын көрген күдікті  мәйітті балконға алып шығып, марқұмның басын пакетпен орап қойған. Үйдегі қан іздерін шүберекпен,  салфеткамен сүртуге кіріскен. Сол күні кешкі 18:00 шамасында марқұмның баласы Кәкімов Досхан сол пәтерге анасын іздеп  келіп, есікті ұзақ қаққан. Сүлейменова оған анасының кетіп қалғанын айтқан. Алайда ер адам оған сенбей үйдің әр бөлмесін қарап шықпақ болады.  Көп ұзамай Кәкімов анасының қанға бөккен денесін көріп, сыртқа қашуға әрекеттенген. Алайда Сүлейменова  қылмысын жасыру мақсатында оны да өлтірмек оймен пышақ ала жүгірген. Екі арадағы кикілжің барысында әйелдің қолындағы пышақ Кәкімовтың саусағын кесіп кеткен. Абырой болғанда, ер адам пәтерден сытылып шыға алған», – делінеді прокурор Ермек Қашағановтың айыптау актісінде.


Тағы оқыңыз:

Рахман Омардың жас әйелі: Өзге ұлт өкілдері сияқты күйеуімнің бірінші әйелімен жақсы араласқым келеді


Ақтолқын Сүлейменова ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы (Кісі өлтіру), 24-бабы 3-тармағы (Қылмысқа оқталу) және 99-бабының 2-тармағы (Кісі өлтіру, өзге адамды қасақана өлтіу) баптары бойынша айыпталуда.

Ал сотталушының қорғаушысы жазаны жұмсартуды сұрады. Айтуынша, Сүлейменова Ғүлдерайым Омарованы өлтіруге ниеттенбеген.

«Менің ойымша, ауыптау актісін толтыру тәртібі бұзылған. Мұнда жазаны жұмсарту жағдайлары қарастырылмаған. Сүлейменова өз кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін айтты. Ол Омарованың баласын өлтіргісі келмеген. 24-баптың 3-бөлімі негізсіз қосылып отыр. Алып тастауыңызды сұраймын. ҚР ҚК 99-бабының 1-тармағын ҚР ҚК 106-бабына ауыстыруды сұраймын. Яғни, менің қорғауымдағы әйел Омарованы өлтіргісі келмеген. Ол Омарованың денсаулығына қасақана зиян келтірді. Бірақ әдейі өлтіргісі келген жоқ», – дейді сотталушының қорғаушысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін актер әрі тележүргізуші Рахман Омардың бірінші әйелін екі келіншек пышақтап кеткенін хабарлаған едік. Гүлдерайым Омарова алған жарақат салдарынан көз жұмған. Рахман Омардың өзі бұрынғы әйелінің өліміне қатысты пікір білдірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау