8 наурызды «жезөкшелер күні» деп атап, мерекеден бас тарту ұсынылды

Сейсенбі, 1 Наурыз , 2016 10:52

Отандық Абай.кз басылымы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін “Жезөкшелер күні” деп атап, мерекені атап өтуден түбегейлі бас тартқан жөн деген мақала жариялады.

жеззззз222

Халықаралық әйелдер мерекесінің тарихына тоқталған автор Тоғайбай Нұрмұратұлы бұл күннің шығу төркіні жайлы: “Кеңестік қандыбалақ коммунистер құрған террорлық мемлекет өз қылмыстарын жасыру үшін өтірік тарих, өтірік мәдениет, өтірік адамдық қасиеттерді ойлап шығарды. Бұлардың ұлт болмысы, адамдық қасиеттен жұрдай ететін ғылыми тұжырымдамалары әлі күнге күшінде келеді”, – деп жазады.

“ХIХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Еуропада Клара Цеткин мен Роза Люксембург деген әйелдер жезөкшелерді қорғап, «олардың да адамдар сияқты мемлекеттен көмек алуға, сайлануға, сайлауға қатысуына, заңды құжатталуына құқы бар» деп, жезөкшелерді ұрып-соғып, қуып таратылған «8 наурыз» күнін «жұмысшы» әйелдердің «теңдік үшін күрес» күні ретінде атап өту үшін, көше жезөкшелерін жыл сайын қайта-қайта митингіге алып шыққан”, – деп 8-наурыз атап өту дәстүрі қалай енгенін баяндайды.

“Бірақ «8 наурызы» аяулы да асыл аналарымыздың арын кірлеп, әлі мейрам болып келеді. «8 наурыз» туралы жалған тарихтың санамызға сіңіп кеткені соншалық кез-келген әйелге: «Бұл мереке ешқашан «халықаралық» болған емес, өйткені «жезөкшелер күні» екенін білетін шетелдіктер оның «әйелдер мейрамы» екенін мойындамайды. Оқиға болған Дания елі мұндай «мерекені» естімеген де. Тек «тексіз коммунистер» билеген Кеңес Одағында ғана тойланады» десең «өтірік» деп бетіңе баж ете қалады. Өтірік пен жалған қоғамда өмір сүрген жандардың шынайы шындықты қабылдауы екіталай екен, деп жалғасытрады автор. – Мен анамды жылдың 364 күнінде құттықтауға бармын, тек 8 наурызда емес. Өйткені жезөкшелердің бой көтеруінен туындаған «мереке» неге асыл да адал аяулы аналарымызға таңылуы керек?”.

Сөз соңында автор “Асыл аналарымызды сыйлайтынымыз рас болса, көп ұзатпай ел болып «аналар мерекесін» басқа күнге ауыстыруымыз керек” деген ұсынысын тастайды.

Айта кетсек, мақаланың астында пікір қалдырған оқырмандардың кейбірі автормен келісіп жатса, кейбірі авторды мәселені үстіртін қарастырып, әлі де болса бірақ оқу керектігін алға тартқан.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

48
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Кумандаршы!!! Не мыжып кеттиндер?? Слишком умный болып кеттиндерме?

  • мирас says:

    уффф 8 наурызда әйеліме не берем деп бас қатырып жүргем енді сылтау болатын болдығой

  • Mura_ZoLoToI says:

    Жозекшелер кунi деген адам жостко кателеседi аналар мейрамын Жозекшелер кунi деп кателеспенiздер солай ойлаган адам оз сома оцекасы каншалыкты томен екенiн корсетiп тур деп ойлайм

    • Жұмбақ жан says:

      Каидагы жокты шыгарып алады екен мына халык.

    • Жұмбақ жан says:

      Дұрыс емес. Ол кезде қайдағы жезөкше. Аналар мерекесі ғой. Мен бұған келіспеймін.

  • Жұмбақ жан says:

    7 наурыз болсын онда

  • Жұмбақ жан says:

    Не надо делать выводы иза того что кто то типа там что то пишеть 8марта это международный женский день причём тут проститутство бред

  • Жұмбақ жан says:

    Аналарымызға күнігі мереке көңіл күиін силау керек, әлбетте олар оданда жоғары сыйға ие аналарымыз еш қашан қартаймасын

  • Қойшы says:

    Кенес одагынан калган ескы мерекелерды жанарту кажет, оз елымызде дынымызге лайык мерекелерды тойлау кежет… Авторды жактаймын, Аллах колдасын!!!

  • Жұмбақ жан says:

    Толық келісемін

    • Жұмбақ жан says:

      Менде толык келысемын,ауыстыру керек баска кунге !

  • Жұмбақ жан says:

    Басқа күнге ауыстыру керек Ардақты аналарымыздың мерекесін Автор ниетінізге жетіңіз

  • Тəуекел says:

    Өте дұрыс бастама

1 2 3 5

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар