Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 наурыз күні жерге жақын жерден қауіпті астероид ұшып өтеді

Қауәпті астероидтың жерден алыстығы шамамане он мың километр болуы мүмкін деген болжам жасалынып жатырда. Сондай-ақ бұл қашықтықтың қысқаруы да мүмкін екен.

планета

Бұл туралы stan.kz  lifenews.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Халықаралық әйелдер мерекесі күні қарсаңында жер планетасына жақын маңнан 2013 TX68 номерлі астероид ұшып өтеді екен. Бұл туралы НАСА реактивті қозғалыс лабораториясы хабарлайды.

Басында Америкалық ғалымдар бұл астероидтың астрономиялық өлшемін есептеп жерге жақын жерден өтетіні жайлы хабарлаған еді. Олар қазірдің өзінде бұның жерден 23 мың километр қашықтан өтетінін растап отыр. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, ай мен жердің арасы 384 мың километр екен. Тағы бір соңғы мәліметтер бойынша астероид жерден 3 миллион км қашықтан өтеді деген болжам бар.

2013 TX68 Аполлондық кішкентай әуе денелерінің қатарына жатады екен. Олар жер планетасына күнге барыу және қайту жолында жақындай түседі екен. 2013 TX68 «Челябинск» астероидынан шамамаен екі есе үлкен. Оның диаметрінің өзі 20-50 метр.

Жер маңындағы астероидтарды зерттеу орталығының мамандары 2013 TX68 планетамызға айтарлықтай қауіпті екенін айтып отыр. Қуантатыны, алдағы 100 жылда ондай астероидтардың жерге түсу қаупі жоқ екен.

Талқылау