8 баланың анасы қайырымды жандардан көмек сұрайды

Сенбі, 23 Қаңтар , 2016 9:32

Алматы облысының Іле ауданында 8 баланың анасы қайырымды жандардан көмек сұрайды. Бір баласы мүгедек, ең кенжесі науқас батыр ана тағы бір баласына медициналық көмек қажет дейді.

76787987876

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Тұрмысы ауыр отбасын бұған дейін жергілікті әкімдік те назарға алмаған. Қыс мезгілінде алма-кезек ауыратын балалардың дәрі-дәрмегі жанға батты дейді көпбалалы ана.

Бір шелек көмірді пешке көңілсіз салған Кәмшат отынның аз қалғанын байқады. Үйді жылытпаса, кішкентай балалар тоңады. Онсыз да суықтап, аналарын әуреге салған бүлдіршіндер бір айда кем дегенде 20 мың теңгеге дәрі алдырады екен. Ал үш жасар Сұңқардың жайы тіптен аянышты. Жуырда ғана ота жасалған. Алайда науқасы қайта асқынған сыңайлы.

«Ота жасаттым деп қуанып жүргем. Кешеден бастап осындай болып жатыр. Міне, қайтадан бұрынғы қалпына түсіп қалды. Үлкейіп жатыр. Алдында ісігі қайтады деген. Қайтқан жоқ. Бұрын кеседей болып тұратын. Бір жағына жасаған. Негізі двухсторонный деген», – дейді батыр ана Кәмшат Қабылова.

Дәрігерлер қуығында жарық бар деген. Екі мәрте құжаттарды әзірлеп тегін емдетіпті. Бірнеше мекеме аралап, құжат жинайтын Кәмшат “батыр ана” ретінде ешқандай жеңілдік көрмедім деп күйінеді. Отбасының әлеуметтік жағдайына қанық әкімдік екі жыл бұрын бес қап көмір мен оншақты бөрене беріпті.

«Қай жағынан көмек керек? Біз білмейміз ғой. Биыл, шыны керек, келген жоқ. Мен өз басым келген адамдардың қолын қайтарып, отын дей ме, отынын апарып беріп жатырмыз. Көмір керек пе, көмірін. Мысалы, ұн керек болды ма, ұнын, кәсіпкерлерді ұйымдастырамыз», – деп жауап берді Ащыбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Кенже Мұратбекқызы.

Округ басшысы бүгіннен қалмай көп балалы үйге барып, жағдайды көзбен көруге, қажетті көмекті ұсынуға уәде берді. Алайда қаржының тапшылығын айтып, мүмкіндігінше, қол ұшын бермек.

Дәл қазіргі уақытта отбасы кез келген көмек түріне мұқтаж. Әсіресе, науқас балалардың дәрі-дәрмегі батыр анаға ауыр тиюде. Қыс басталғанда түсірген отын да таусылудың аз алдында.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар