Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

77 адамды өлтірген қылмыскер билікке қарсы сотта жеңіске жетті

77 адамды өлтіргені үшін сотталған Андерс Брейвик Норвегия билігіне қарсы сотта жеңіске жетті. Таяуда ол түрмеде адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп, құқығының бұзылғаны жайлы арызданған болатын.

ccc943a5ef2528e8f03f400b781be49c_L

Сурет ntv.ru

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Ослоның округтік соты Брейвиктің құқығы шынымен тапталғанын мойындап, жергілікті билікті оған 40 мың доллар көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді. Сот адамға қатігездікпен қарауға тыйым салу – демократиялық қоғамның басты құндылығы деп атап көрсеткен. Ол сондай-ақ бұл қағида лаңкестер мен ауыр қылмыскерлерге де қатысты сақталуы тиіс деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Андерс Брейвик 2011 жылы Норвегияда жасаған лаңкестік әрекеттері үшін 21 жылға сотталған еді.

Талқылау