Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

75 жастағы футбол королі Пеле үшінші рет үйленді

FIFA нұсқасы бойынша XX ғасырдың ең үздік ойыншысы Пеле үшінші рет үйленді. 75 жастағы аңыз футболшы 50 жастағы жапониялық бизнесмен Марсия Сибела Аокимен шаңырақ көтерді.

pele (1)

Сурет muzzone.tv

Бұл туралы today.kz хабарлайды.

Салтанатты кеш 9 шілде күні Сан-Паулу штатындағы Гуаружа қаласында өтті. Неке қидыру салтанатына туыстары мен достарын қосқанда 120 адам жиналды.

Жұбайлар 80 жылдардан бері таныс екен. Сол уақыттан кейін олар тек 2010 жылы кездейсоқ лифтте кездесіп қалады. Бұл Пеленің үшінші, ал Аокидің екінші некесі. Спортшы 1966-1982 жылдар аралығында Розмари дус Рейс Шолбимен отау құрса, сосын Ассирия Лемус Сейшаспен 14 жыл отасқан.

Екі некесінен футболшының бес баласы бар. Ал Аоки болса бірнеше жылдан бері Пелемен түрлі мерекелік шараларға бірге қатысып жүр.

Талқылау