Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

75 стақаннан кейін ауруханадан бірақ шыққан британиялық алкоголь іше бермек

Британиялық турист 75 стақан ішімдік ішіп, ауруханаға түскен. Бірнеше сағат ауруханада болған 18 жастағы Кэмерон Релф ары қарай да ішімдік іше беретінін айтқан.

107983_or

Оқиға 25 мамыр күні Магалуф испаниялық шипажайында болған. Релф достарымен бірге көңіл көтеру үшін барға барған. Біраз уақыттан кейін достары оны жалғыз қалдырған. Британиялық шота мен самбукті араластырып іше берген. Азаматтың сөзіне сенсек, ғимараттың қызметкерлері оны ішімдік сатып алуға үгіттеген.

Нәтижесінде Релф талып қалып, аурханаға жеткенде бірақ оянған. Дәрігерлер британиялықты тек сегіз сағаттан соң оята алған. Бір қызығы, мөлшерден тыс ішімдік ішсе де, ағзасына зақым келмеген.

Релф осы аймақтан кеткенше ішімдік іше беретінін айтады. Ол өз үйіне 29 мамырда ұшып кетуді жоспарлап отыр екен. Десе де, уақытша самбуктен бас тартып, оны сырамен алмастырмақ.

“Мен өзімнің кезекті демалысымнан барынша ләззат алғым келеді. Мұның барлығы сондай күлкілі” , – дейді ол.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Ұлыбритания азаматы достарымен бірге кезекті демалысын Тайланд елінде өткізген. Аталған елде 36 сағат бойы ішімдік ішуден жарыс өткізген. Осы жарыстан кейін 29 жастағы Питер Николсон өмірімен қош айтысқан. Ол 4 шелек Red Bull, 20 бөтелке сыра, бірнеше самбук ішкен екен.

Талқылау