Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

74 жастағы қария Рио олимпиадасына қатысуға үмітті

74 жасқа аяқ басқан жапониялық Хироси Хокэцу бірнеше жылдан бері спортты серік еткен. Кәсіби спорттық жолын 23 жасында Токио олимпиадасынан бастаған ол, бүгінгі күнге дейін ат спорты сайыстары бойыншы мықтылардың қатарында келе жатыр.

15-01-16-hokketsu-1

Бұл туралы www.eurosport.com хабарлайды

Биыл 74 жасқа толғанына қарамастан қария, олимпиадалық ойындарға ат спортынан қатысуға жолдама беретін іріктеу турниріне тапсырыс берген. Егер, ол турнир қорытындысында асығы алшысынан түсіп, Риодағы төрт жылда бір келетін спорттық думанға жолдама алар болса, олимпиада ойындары тарихындағы ең егде қатысушы ретінде тіркелмек.

Әзірге спортта қарттық жағынан қара үзіп тұрған швед мергені Оскар Сван болатын. Ол 1920 жылы 72 жасында Бельгияның Антверпен қаласында өткен олимпиадаға қатысып, күміс жүлде еншілеген еді.

Ал Хироси Хокэцу бұған дейін үш Олимпиада ойындарына қатысқан. 2008 жылы 67 жасында Бейжіңде ту көтерген Олимпиадаға да қатысты. Жекелей сында 34-орынға табан тіреп,  Жапония командасы жалпы есепте 9-орынға шықты. Ал соңғы рет 2012 жылы 71 жасында Лондондағы Олимпиадаға ат қосты.

Талқылау