Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

72 жастағы теміртаулық ауыр атлетикадан үшінші рет әлем чемпионы атануы мүмкін

Теміртаулық чемпион ақсақал жастарды салауатты өмір салтына баулып жүр. 72 жастағы Айтжан Исақов 160 келі зілтемірді бұйым құрлы көрмейді.

1111

Бұл туралы Қазақпарат 24.kz. сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қария қазір пауэрлифтингтен ардагерлер арасындағы ел біріншілігінде ғана емес, әлемдік бәсекелерде де топ жарып жүр. Кезінде металлургиялық комбинаттың құрылысына қатысып, өндіріс орнындағы теміржол торабында ұзақ жыл еңбек еткен.

Айтжан ата – Қазақстанның 11, әлемнің екі дүркін чемпионы. Бүгінде спортшы қарт бар білгенін немересіне және жастарға үйретіп жүр. Ал 80 жасқа келгенде ауыр атлетикадан үшінші рет әлем чемпионы атануды армандайды, деп хабарлайды

Талқылау