Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

72 жастағы астаналық желаяқ халықаралық марафонның күміс жүлдегері атанды

Астаналық Салтанат Түйтебаев халықаралық жарыста жүлделі орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Испанияның оңтүстігіндегі Малага қаласында өткен халықаралық Zurich Marathon Malaga марафонында отандасымыз күміс жүлде иегері атанды.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайыты таратқан мәліметке сүйенсек, марафон жарысына Еуропа, Азия, Африка құрлығынан 3 мыңға жуық әр түрлі жастағы желаяқтар қатысқан.

Аталған додаға 72 жастағы астаналық ардагер Салтанат Түйтебаев та қатысып, 70-74 жастағылар арасында мәре сызығын екінші болып кесіп күміс медальға ие болды. Ол мәреге 3:51.45 сағатта жүгіріп жетті. Түйтебаевтың алдын бельгиялық Роланду Буссемару орап кетті (3:43.59). Үшінші орын испаниялық Хуан Навиоға бұйырды (3:54.18).

Айта кетейік, Салтанат Түйтебаев биыл Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Қылмыс әлемінде «Баха-Фестиваль» деген лақап атпен танылған Бақыткелді Баясов деген кім?

ҰҚК: Соғыс жүріп жатқан Сирия мен Иракта 390 қазақстандық бала бар

Шымкент жастары бүйрегін бейтаныс қызға берген жігітке ақша жинап берді

Талқылау