Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

72 жастағы америкалық шөл далада өткізген тоғыз күннен соң аман қалды

Аризона штатындағы шөлде жоғалып кеткен 72 жастағы америкалық тоғыз күн бойы тек су ішіп, өсімдіктермен қоректенген.

pic_05235c1b90da23da8f39c7b00e1d9de3

Сурет Arizona Department of Public Safety (ADPS)

Штаттың қоғамдық қауіпсіздік департаментінің хабарлауынша Энн Роджерстің алыстағы жол бойында көлігінің жанармайы таусылып қалған. Әйелдің телефонмен де байланысу мүмкіндігі болмай, тоғыз күнін шөл далада өткізуге мәжбүр болады.

3 сәуір күні полицейлер оның көлігін тапқанмен, өзін таба алмады. Бірнеше күннен соң шөлде ағаш арқылы көмек сұрап жазылған жазу көрінеді. 9 сәуір күні құтқарушылар Роджерсті тауып, қалаға алып келген.

Қартаң әйел ауруханаға жатқызылса да, дәрігерлер оның жағдайы бірқалыпты деген байлам жасаған.

Талқылау