Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

72 мұсылман намазда тұрған қалпында көз жұмды

Ауғанстан еліндегі екі бірдей мешітте жарылыс болып, 72 жанның өмірмен қоштасуына әкеліп соқты.

Бұдан бөлек, 70-ке жуық мұсылман түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған деп жазады muslim.kz.

Жарылыстың бірі Кабул қаласындағы «Имам Заман» мешітінде орын алса, екінші зұлымдық Гур провинциясындағы құлшылық үйінде жүзеге асқан.

«Жүрек ауыртатын қанды көрініс. Қабырғалардың барлығы қанға боялған, бөлшектеліп кеткен адам мүшелері…», – дейді оқиға орнында болған төтенше жағдайлар қызметкері Рахматуллах Ализада.

Тәртіп сақшыларының мәліметі бойынша, екі жарылыс арқылы лаңкестер осы уақытта мешітте құлшылық жасап жатқан әскери бөлім басшысы Фазл Ахад есімді азаматтың көзін жоюға тырысқан болуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Францияда баласына Жиһад деген есім берген ата-ана сотта жауап бермек

Собчак Қырымды Украинаның жері деп атады

Студент қыз түнгі клубта секспен айналысқан видеосы тарап кеткен соң оқудан шығуға арыз түсірді

Талқылау