Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда ер адам балтамен пойыздағы 20-дан астам жолаушыны жарақаттады (видео)

Германияның оңтүстігінде балта ұстаған ер адам пойыз жолаушыларына шабуыл жасап, 20-дан астам адамды жарақаттаған.

20160719082359

Вюрцбург қаласында полицейлердің арнайы операциясы өтті. Оған тікұшақ жұмылдырылды. Мәліметтерге сүйенсек, шабуыл жасаған адамды полицейлер атып өлтірген.

Немістің ДПА агенттігі кей жолаушылардың жарақаты тым ауыр екендігін мәлім еткен.

Қазіргі уақытта Вюрцбург пен Оксенфурт арасында теміржол қатынасы тоқтап тұр.

Талқылау