Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

700 мың долларды ұрлап кеткен Белоруссиядағы Қазақстан елшілігінің есепшісі ұсталды

Жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы Беларусь Республикасындағы Қазақстан елшілігінің аға есепшісі Сейдуәлиеваны ұстады.

1022800
Фото: Алексей Филиппов

“Сейдуәлиев А. 2012 және 2015 жылдар аралығында Елшілік ғимараты құрылысының бас мердігері “Активбизнесплюс” ЖШҚ-на ақы төленгені туралы жалған кассалық ордерлер жасаған. Осылайша, күдікті 207 мың доллар көлемінде ақшалай қаражат қымқырды”, — делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, көрсетілген уақыт ішінде Сейдуәлиева қайтарым қаражаты ретінде елшілік мекен-жайына Беларусь Республикасының салық органдарынан келіп түскен 474 883 долларды жымқырған.

Жалпы ұрланған ақша сомасы 681 883 долларға жетіп отыр.

Қазіргі таңда есепші қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Астанадағы ІІМ уақытша тергеу изоляторында жауап беруде.

Талқылау