Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

70 жылдан соң: Қызды зорламаған 4 сотталушыны көз жұмған соң ақтады

Американың Флорида штатының билігі 70 жылдан соң 4 азаматты ақтады. Оған жәбірленушінің айыпталушының кінәсіз екенін айтқаны себеп болды.

4 азамат 1979 жылы бойжеткенді зорлағаны үшін айыпталды. Ол кезде 17 жастағы Норма Паджетт өзін Эрнест Томас, Сэмюэл Шепард, Чарльз Гринли мен Уолтер Ирвин ұрлап кетіп, зорлағандарын айтқан еді. Айтуынша, жігіттер өз көлігінде жол бойында зорлық әрекеттер жасаған.

Ол кезде тергеушілердің жауабынан кінәрат байқайды. Оқиғадан соң Томасты аймақтың шериф-сегрегационисі Лейк бастаған топ өлтіріп кетті. Кінәсіздігін айғақтайтын дәлел аз болғандықтан қалған үш азамат сотталды.

Шепард пен Ирвиннің бастапқыда өлім жазасына кесті. Гринлиді 16 жасында өмір бойына кесті.
Ұзақ тергеуден соң айыпталушылардың кінәсіздігі анықталды. Тергеуге 86 жастағы жәбірленуші мен оның балалары қатысты. Әйел өзін ешкімнің зорламағанын айтқан.

Билік өкілдері заңсыз сотталғандардың туыстарынан кешірім сұрады. Штат губернаторы 70 жылдан соң болса да кінәсіздерді ақтау кеш емес екенін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау