Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

70 жастағы кейуана тамаша әншілік талантымен тойға келгендерді таңқалдырды (видео)

Жасы 70-ке келген кейуана тамаша әншілік талантымен “Ақмаңдайлым” әнін орындап тойға келген қауымды тәнті еткен.

4141441

Бейнежазбаны Фейсбук әлеуметтік желісінде Амантай Байбосын есімді қолданушы жариялаған. Желі қолданушылары да апаның жезтаңдай дауысына тәнті болған.

“Бірталай әншілерді жолда қалдыратындай дауыс екен! Сөз жоқ, керемет!”, “Роза Бағланова апайымыздың дауысына ұқсайды екен”, “Апамыз жүз жасасын” деп ақжарма тілектерін де білдірген.

Пікір қалдырушылардың бірінің жазуынша бұл апаның есімі Іңкәр екен. Жас күнінде күйеуі ән шырқауға рұқсат бермепті. Ақтауда тұратын ақжаулықты ананы туыстары той-домалақ сайын қолқалап ән айтқызады екен.

Талқылау