75 жастағы ерлі-зайыпты махаббатының өшпегенін дәлелдеп жалаңаш суретке түсті (фото)
Жалаңаш күйінде бір-бірін құшақтап түскен 70 жастағы ерлі-зайыптылардың суретіне әлемнің әр елінен қызығушылық танытқандар көп.
75 жастағы Джерри мен 70 жастағы Дарвин 20 жыл бірге тұрып келеді. Олардың бір-біріне деген сүйспеншілігі уақыт өткен сайын күшейе түспесе, сөнген емес.
Оларды суретке аризондық фотограф Джейд Билл түсірген. Ол түсірілімдерді желідегі парақшасында жариялаған. Суреттер 34 мың лайк жинап, 18 мың рет бөлісілген.
Джейд парақшасында: «Біз неліктен тек әдемілікке құмармыз? Не себепті әдемілік дегеннің милиондаған анықтамасы бар екенін білмейміз» деп жазған.
Суреттері көпшілікке танылып кеткен соң Джерри фотографқа хат жолдаған. Ол хатта «Біздің қарттығымыз да, әжіміміз де бір-бірімізге деген махаббатымызға кедергі болмайды. Біз 70 жасымызда 30-40 жастағыдай сезімді бастан кешіп жатқанымыздык өрсеткіміз келді», – деп жазады.
Талқылау